Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды
Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды
221
оқылды

«Алматы» телеарнасы директорлар кеңесінің шешімімен Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» телеарнасының бас директоры қызметіне тағайындалды.

Нұржан Мұхамеджанова еңбек жолын Қазақ радиосында балалар мен жастарға арналған бағдарламалар редакторы қызметінен бастаған.

1991 жылы Қазақ радиосының «Шалқар» ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар редакциясының бас редакторы болған.

1992 - 1994 жылдары Қазақ радиосының саяси сарапшысы және Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

1995 - 1997 жылдары Қазақстан Президентінің баспасөз қызметінде енбек етті.

1997 - 2006 жылдары Қазақстандағы Internews Network Халықаралық ұйымы өкілдігінің директор орынбасары, атқарушы директоры болды.

2006 - 2011 жылдары «31 телеарнаны»  басқарды.

2011 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан» АҚ ТРК Басқарма Төрайымы қызметін атқарды. 

2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «31 арнаның» бас продюсері, «Қазақстан» АҚ ТРК құрамындағы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.