Дәрігерлерді коронавируспен күреске қайта дайындау басталады
Дәрігерлерді коронавируспен күреске қайта дайындау басталады
© сурет интернеттен алынды
115
оқылды
Астана медицина университеті коронавируспен күреске қажетті медициналық мамандықтар бойынша дәрігерлерді қайта дайындау бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы аталған оқу орнының кафедра меңерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова хабарлады.
«Бүгінгі күні Астана медицина университетінде зертханалық диагностикалау дәрігерлерін дайындау, індет талаптары бойынша қажетті өзге де мамандық дәрігерлерін қайта дайындау бағдарламасы әзірленді. Қайта дайындау жұмыстары осы жылдың 3 тамызынан басталады деп жоспарлануда. Еліміздің 7 өңіріне бағдарламаның дайындалғаны туралы ақпараттық хат жіберілді. Өтінім күтіп отырмыз. Біз жас мамандарды қабылдауға дайынбыз», - деді Нұрила Малтабарова.
Ал осы оқу орнының Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина инфекционист, анестезиолог-реаниматолог болғысы келген дәрігерлерді қабылдауға дайын екендерін айтты.