Жалғас Жұмағұлов UFC алаңындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Жалғас Жұмағұлов UFC алаңындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Фото: Интернеттен алынды

Әбу-Даби қаласында өтетін UFC 251 турнирінде қазақстандық спортшы бразиялиялық Раулиан Пэйвамен күш сынасады.

Қазақстандағы ММА көрермендері бұл жекпе-жекті тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан тамашалай алады. Жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 03:55-де басталады. Жалғас Жұмағұлов пен Раулиан Пэйва жекпе-жек алдында Әбу-Даби қаласына келіп, коронавирусқа тест тапсырды.

Сондай-ақ, трансляция кезінде кештің басты айқасы – Камару Усман мен Гилберт Бернстің кездесуі де тікелей эфирден көрсетіледі.

Айта кетейік, бұл Жалғас үшін әлемдік ірі промоушендегі алғашқы жекпе-жек. Ал Пэйва осымен төртінші рет UFC алаңына шығып, өнер көрсеткелі отыр.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.