Каспийде итбалыққа тас лақтырғандарға қатысты комитеттің баспасөз хатшысы пікір білдірді
Каспийде итбалыққа тас лақтырғандарға қатысты комитеттің баспасөз хатшысы пікір білдірді
Фото: Интернеттен алынды
263
оқылды
Ол Facebook-тегі парақшасында: «6 шілде күні Инстаграм әлеуметтік желісінде демалып жатқан адамдар Каспий итбалығына тас лақтырып жатқаны туралы видео-сторис пайда болды. Видеода көрініп тұрғандай, итбалық адамдарға шабуыл жасау ниетінсіз, қызық көріп жақындаған. Жас әрі ұшқалақ. Итбалықтардың табиғатынан айналаға қызығушылығы жоғары және олар қауіпті емес. Бірақ әрбір жыртқыш жануар өзіне шабуыл жасаса агрессия көрсете алады. Өкінішке қарай, отандастарымыз қауіп тудырмайтын аңға жабайылықпен жауап беріп, тас лақтырған», – деп жазды. Ол азаматтарды табиғатты аялауға шақырды.
«Өзге елдерде дельфиндер, итбалықтар, морждар, тіпті акулалар адамдарға жақын жерде жүреді. Және барлығы бұған үйреніп алған. Достар! Бірлікте өмір сүрейік және табиғатты аялайық. Адам болыңыз!», – деп жазды.