Ауырып қалған Амандық Баталов Нұр-Сұлтанға жеткізілді
Ауырып қалған Амандық Баталов Нұр-Сұлтанға жеткізілді
Фото: Интернеттен алынды
188
оқылды
Хабарды облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов брифингте айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің (диагноз – ред.) басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады», – деді Батыржан Байжұманов.
Оның айтуынша, қазір әкімнің денсаулығы жақсарып келеді. «Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі», – деді орынбасары.