13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
© Ақорда
5,260
оқылды
Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Әр қазақ – менің жалғызым" дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Президент.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 51059 адам коронавирус жұқтырған, 16 928 адам сауықты, 280 адам қайтыс болды.