Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, Атырауда 27 наурыз-7 шілде аралығында симптомсыз науқастарды қоса есептегенде коронавирус инфекциясы расталған 6 156 жағдай тіркелген.
Науқастардың арасында індетті көп жұқтырғандар – Жылыой ауданының тұрғындары. Мұнда қауіпті індетке шалдыққан 2 822 адам бар. Оның ішінде 2 063 жағдай Теңіз кенішіндегі кәіспорындар жұмысшыларынан анықталған. «Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі – 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар. Оның ішінде 3 373 жағдай скрининг кезінде анықталды. Ал, 1 902 науқас қауіпті індетке шалдыққандармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Қалғандарынан медициналық көмекке жүгіну кезінде белгілі болып отыр.
Қазіргі уақытта аудандық және ауылдық жерлерде той-томалақ пен жаназаға жиналғандар да вирустың таралуына әсерін тигізді, - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Қазір облыста коронавирус жұқтырған 6 156 науқастың арасынан 1 476 пациент жазылып шыққан.