Коронавирустан 91 жастағы қария жазылып шықты
Коронавирустан 91 жастағы қария жазылып шықты
©Сурет интернеттен алынды
136
оқылды
Бұл жайында Қарағанды әкімшілігінің Instagram парақшасында жарияланған. Коронавирустан айығып шыққан қариянның есімі – Арон Штоллер. Ол дүниеге 1929 жылы келіпті.  
– Аурухананың барлық ұжымына, медқызметкеріне алғысым шексіз. Дәрігерім Рафаэль Фахрутдинов – мықты дәрігерлердің бірі. Олар болмағанда аман қалмас едім. Себебі, ауруханаға түскенімде дене қызуым қатты болды. Қан қысымым көтеріліп, демім жетпей, тыныс алуым қиындаған. 10 күндей Михайловкадағы жұқпалы аурулар ауруханасының ауыр науқастарына арналған палатасында жаттым, –  дейді Арон Штоллер.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қарияның диагнозы – коронавирус инфекциясы. «Екі жақты интерстициальді пневмония болғандықтан ауруханаға ауыр халде түскен.  Толыққанды емделген соң, тест тапсырылды. Екеуінен де нәтижесі теріс болып шықты».  Қазір ол ауруханадан шығарылды. [embed]https://www.instagram.com/p/CCX1G-KhVqB/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]