3 мың медицина қызметкеріне қосымша 780 миллион теңге үстемеақы төленді
3 мың медицина қызметкеріне қосымша 780 миллион теңге үстемеақы төленді
©Сурет интернетттен алынды
187
оқылды
 Бұл қаражатты коронавируспен ауырғандарды емдеуге атсалысып жүрген 3 мыңға жуық маман алған. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен болған баспасөз жиынында қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһар басшысы індетпен күресте дәрігерлерге ауыр салмақ түсіп жатқанын айтты. Коронавирус індетімен күресуде қаланың жағдайын айтқан  Мұрат Әйтенов бірнеше цифрға тоқталды. Жұқпалы ауруға қарсы жергілікті қазынадан 1,8 миллиард теңге бөлінген. Бұдан бөлек 5 миллиард теңге қосымша өкпені жасанды желдету аппараты мен дәрі-дәрмек алуға бағытталатын болады. Науқастар үшін қалада төсек-орындар саны да артқан. [caption id="attachment_56412" align="alignleft" width="288"]шымкент ©Сурет интернеттен алынды[/caption] - Медицина мамандарын ынталандыру үшін 780 миллион теңге үстемақы төленді. Одан бөлек дәрігерлерге демеушілер есебінен қордан материалдық көмек берілген, - қала әкімі Мұрат Әйтенов. Ал емханаларда бүгінгі күнге 6 696 ЖРВИ және 3 865 пневмониямен науқастар тіркелген. Оларға қызмет көрсету мақсатында 56 мобилді бригада құрылған. Олар он мыңнан аса емделушіге көмек көрсеткен.