Пандемия кезінде суды қалай ішу керек?
Пандемия кезінде суды қалай ішу керек?
©Сурет интернеттен алынды
620
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және телефон желілерінде жарияланатын коронавирус індетін емдеу ескертпелерінде, су ішуді қамтамасыз ету жайында ұсыныстар әрдайым келтіріледі. Су ішу тәртібі жайында негізгі сұрақтарға диетолог дәрігер, Қазақ тамақтану академиясының Тамақтану мәселелері институтының ғылыми қызметкері Евгений Бекаев пен Қазақстан Республикасы Валеология академиясының академигі Евгений Пятов жауап береді.  width=  Су ішу тәртібі нені білдіреді? Тәуліктік нормасы бар ма? Ересек адамның тәулігіне тұтынуы тиіс орташа су көлемі оның салмағының әр 1 кг-на 35 мл-ге тең болуы тиіс. Оған ас мәзіріндегі сұйық және қою тамақ, шырындар, компот, шай мен су кіреді. Әр адам өзінің нормасын өзі есептеп шығара алады. Суық тию және вирустық аурулардың алғашқы симптомы байқалғанда, су нормасын арттыру керек пе? Әрине. Суық тию және вирустық аурулардың алғашқы симптомы байқалған жағдайдан бастап суды ішуді арттыру қажет.  width= Неліктен су ішуді арттыру керек? Қаншаға арттыру қажет? Дене қызуы көтерілген кезде ағзадағы сұйықтық мөлшері де азая түсіп, сусыздану орын алады. Ал бұл инфекцияның ағзаға әсерін күшейтеді. Су ағзаның сусыздануға төтеп беру қауқарын арттырып, оны улы заттардан тазартуға, дене қызуын және қанның қоюлануын реттеуге мүмкіндік береді. Тұтынатын су көлемі дене қызуының көтерілуіне қарай анықталады. Орташа есеппен дене қызуы 1°С -қа көтерілген сайын сұйықтық мөлшерін дене салмағының әр 1 кг-на ішетін суды 10 мл-ге арттырып отыру керек. Үй жағдайында дене қызуы +38…+39 °С-ге дейін көтерілген науқасқа дене салмағының әр 1 кг-на тәулігіне шамамен 50-60 мл су ішу қажет болады. Вирустық аурулармен ауырған жағдайда суды қандай жиілікпен ішу қажет? Дене қызуы көтерілгенде, орташа алғанда, сағатына жарты немесе толық кесе ішкен жөн. Әсіресе, дене температурасына жақын жылы судың маңызы зор. Жылы суды кішкентай жұтыммен ішкен дұрыс. Оған қоса, пайдалы шөптер мен жемістер қосылған жылы шай да қабыну мен микробқа қарсы әсерін тигізеді. Қандай су ішу керек? Неліктен? Ең бастысы, құрамындағы пайдалы микро- және макроэлементтері барынша теңдестірілген табиғи ауыз суды ішкен жөн. Адамның дене қызуы көтеріліп тұрған кезде су-тұз алмасу үдерісі бұзылады: ағза натрий, хлор, кальций, магний, йод сынды маңызды элементтерден айырылады. Ал бұл ағзадағы түрлі ауытқуларға әсер етіп, жүрек жұмысының, жүйке жүйесі мен бүйрек жұмысының бұзылуына әкеледі.