Адамның мүгедектігі автоматты түрде 3 айға ұзартылды
Адамның мүгедектігі автоматты түрде 3 айға ұзартылды
©Сурет интернеттен алынды
262
оқылды
Мұндай бұйрықты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдады. Бұл жайында ЕХӘҚМ баспасөз қызметі хабарлады.  Бұл мемлекеттік мекемелерде адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға және азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған. Мүгедектікті, жалпы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасын автоматты түрде ұзарту қайта куәландыру мерзімі шектеу шаралары кезеңіне (биылғы 31 шілдені қоса алғанда) келген азаматтарға қатысты. Сонымен қатар, жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады. Мүгедектікті алғаш рет белгілеген жағдайда eGov.kz порталда «Электрондық өтініштер» бөліміне құжаттардың сканерленген көшірмелерімен қоса өтінім беру қажет. 16 және 18 жасқа толған мүгедек балаларға қатысты сырттай қайта куәландыру қарастырылған. Оларға мүгедектік қолда бар құжаттар негізінде және алдыңғы куәландыруға сәйкес мүгедектік дәрежесін ескере отырып белгіленеді. Есіңізге салсақ, алғаш рет мүгедектік мерзімін автоматты түрде ұзарту - Қазақстан аумағында төтенше жағдайлар режимін енгізу кезінде қабылданды. Қайта куәландыру мерзімі ТЖ кезеңіне және одан бір ай бұрын уақытқа (2020 жылғы 15 ақпаннан бастап) қатар келген адамдарға мүгедектік 3 айға ұзартылған еді. Айта кетейік, жыл сайын 250 мыңнан астам азамат медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтеді. 2019 жылы мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларын анықтау қызметін 251 909 адам алды.