Коронавирустан да қауіпті пневмония тарағаны рас па?
Коронавирустан да қауіпті пневмония тарағаны рас па?
Фото: Интернеттен алынды
5,178
оқылды
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселенің мән-жайын айтты. «Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда, өлім-жітімге анағұрлым көбірек алып келетін белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Аурулардың халықаралық тізіліміне – АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізді. Мәселен, «күңгірт шыны» симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде дагностикаланады, бірақ зертханалық түрде расталмайды. Осы ретте, Қазақстан өзге елдер сияқты осындай пневмония түріне мониторинг және есеп жүргізеді. Бұл қадам коронавирусқа шалдығу және оның таралуын тежеуге бағытталған басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. 9 шілде күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша жалпы елдегі сандар туралы айтты: соның ішінде бактерия, зең, вирус тудыратындар, соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес «белгісіз этиологиядағы вирусты пневмония» бар. Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық БАҚ-тың хабарламасы шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді» делінген министрліктің хабарламасында.