Бүгінде осы сұрақ бәрін мазалайды. Жөтелден емделу жолын отбасылық дәрігер Жанар Қалыбайқызы көрсетуде.
Негізі жөтел организмнің қорғаныс реакциясы. Жөтел арқылы тыныс алу жүйесі секреттен және микрофибродан тазарады. Сондықтан жөтелден қорқудың қажеті жоқ. Жөтелдің екі түрі болады. Бірі – құрғақ жөтел, екіншісі – алғалды жөтел (Егер қақырықпен жөтелсе).
Құрғақ жөтелді ылғалды жөтелге айналдырып алу қажет. Ал оны ингаляция арқылы жасалады. Ол үшін:
1 жасқа дейінгі балаларға 2 мл физ раствормен күніне 3 рет 5 минуттан жасалады. Бастысы ингаляцияны кешкі 18.00-ге дейін жасалуы керек. Осыдан кейін 10 минуттан дренажды массаж жасағаны дұрыс.
1 жастан асқан балаларға физ растворды 3 мл-ден қосып істейді.
үлкендерге 5-7 мл физ раствормен 5-10 миунт аралығында жас ерекшелігіне қарай ингаляцияны күніне 3 рет жасайды.
Жылы суды көп мөлшерде ішкен сайын жөтелді ылғадата түседі. Жалпы, жөтелге арналған дәрілерді ішуге болмайды. Олар жөтелді орта тұсынан блоктап тастайды. Ал мукалтин секілді қақырық шығаратын дәрі-дәрмектерді тек ылғалды жөтелде ішуге болады.
Кей ата-аналар ингаляцияны негізсіз беродуал, сальбутомолмен жасап жатады, оның қажеті жоқ. Сонымен қатар, дәрігердің нұсқауынсыз гормоналды препараттармен ингаляция жасау керек емес.