Өнердегі кей әріптестерінің кеудесін керіп, амандасудан да қашқақтайтынын меңзеген ол, Н. Абдуллинді дәл сол қатарға қосатынын жасырмады.
«Кеудесін аспанға тіреп жүреді»: Ақбота Керімбекова әнші Нұрболат Абдуллин туралы қатты айтты
645
оқылды

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова әріптесі Нұрболат Абдуллин туралы ашық айтып, оның әншілігін мойындағанымен, адамдық қарым-қатынаста сыйлай алмайтынын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнердегі кей әріптестерінің кеудесін керіп, амандасудан да қашқақтайтынын меңзеген ол, Н. Абдуллинді дәл сол қатарға қосатынын жасырмады.

«Оның әншілігін жоққа шығармаймын, өзіндік даусы бар, үні бар. Бірақ қатты сыйлаймын деп айта алмаймын ол баланы. Көрсе, өзі де түсінер. Себебі бізде бір жарқырап шыққандар, кеудесін аспанға тіреп жүреді. Өмір бақи солай жүретін адам сияқты. Қасыңда тұрып амандаспай кететін әншілер бар, көріп тұрып көрмегенсіп. Иә, Нұрболатты да солардың қатарына қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын. Әнші деген барынша қарапайым болуы керек қой...», – деді А. Керімбекова.