Хабарландыру-10.07.2020
Хабарландыру-10.07.2020
125
оқылды
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і Клиника-диагностикалық орталығының Бас дәрігері бос ваканттық лауазымды орнына халықаралық конкурс жариялайды. Іріктеуге қатысушы үміткер Университеттің ресми сайтында орналастырылған талаптарға сәйкес құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электронды  поштаға (MKTU@ayu.edu.kz) жіберуі қажет. Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2020 жылдың 24 шілдесі, сағат 18.00-ге дейін. Төменде аталған құжаттар тізбесі Университеттің ресми www.ayu.edu.kz сайтында орналастырылады:
  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары;
  2. Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі;
  3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ үлгісі.
Конкурсқа қатысушы үміткерлердің құжаттарын қарау, талқылау және олармен әңгімелесу өткізуші конкурстық комиссия отырыстары онлайн форматта өтеді. Мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29,  ректорат ғимараты, №105 бөлме, байланыс тел.: 8 72533 6-16-36. Персоналды басқару және құжат айналымын қамтамасыз ету басқармасы.