Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і Клиника-диагностикалық орталығының Бас дәрігері бос ваканттық лауазымды орнына халықаралық конкурс жариялайды.
Іріктеуге қатысушы үміткер Университеттің ресми сайтында орналастырылған талаптарға сәйкес құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электронды поштаға (MKTU@ayu.edu.kz) жіберуі қажет.
Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2020 жылдың 24 шілдесі, сағат 18.00-ге дейін.
Төменде аталған құжаттар тізбесі Университеттің ресми www.ayu.edu.kz сайтында орналастырылады:
Конкурсқа қатысушы үміткерлердің құжаттарын қарау, талқылау және олармен әңгімелесу өткізуші конкурстық комиссия отырыстары онлайн форматта өтеді.
Мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29, ректорат ғимараты, №105 бөлме, байланыс тел.: 8 72533 6-16-36.
Персоналды басқару және құжат айналымын қамтамасыз ету басқармасы.