Тоқаев коронавируспен күресе алмаған шенеуніктерге екі апта уақыт берді
Тоқаев коронавируспен күресе алмаған шенеуніктерге екі апта уақыт берді
Фото: Интернеттен алынды
113
оқылды
Жиында елдегі эпидемиологиялық ахуал талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде, біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз», – деп дәрігерлерге ешкім құлақ аспағанын айтты.
Ол сондай-ақ министрліктің жұмысын сынға алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады. Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасаған барлық болжамдары қате болды», – деді.
Мемлекет басшысы жиында Үкіметке шұғыл тапсырамалар берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды», – деп екі апта уақыт берді.