Nur Otan партиясы дәрігерлерге оттегі концентраторын табыстады
Nur Otan партиясы дәрігерлерге оттегі концентраторын табыстады
194
оқылды
Жаңа жабдықты Nur Otan партиясының облыстық филиалы мүшелері алып беріп отыр. Партия оттегі концетратының төртеуін ауруханаға силаса тағы екеуін аудандарға жіберді. Қазір облыстық ауруханадан 4 провизорлық стационар ашылып, жансақтау бөлімі де қайта жабдықталған. Сондай ақ тағы 150 орындық провизорлық стационар ашу жоспарда бар.   https://youtu.be/NR95Is96tSc Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев: «Елімізде короновирус індеті соңғы кезде кең ауқымда таралып ауруға шалдығып жатырғандар саны ұлғаюда. Өкінішке орай адам өлімі де тіркеліп жатыр, бұл, қай-қайсымызды да бей-жәй қалдырмағаны сөзсіз. Бұл жүйедегі қателіктен бе, адами фактор ма, бұған құзыретті мекемелер өз бағасын бере жатар, кінәлілер жауапқа тартылады, бұны кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз үндеуінде айтты. Бірақ, өмір жалғасуда, дертке шалдығып жатқан адам облысымызда әлі де тіркелуде, біз, солардың оңалуына жағдай жасауымыз керек. Сондықтан бүгін, Nur Otan партиясы және оның мүшелері атынан облыстық көпбейінді аурухана жанында құрылып жатқан провизорлық орталыққа 4 дана оттегі концентраторы және арнайы бетперделер (респиратор) табыс етілді. Онымен қоса Ақсай қаласына 1, Сырым ауданына 1 және Жәнібек ауданына 1 оттегі концентраторлары (концентрат кислородный) жөнелтілді. Барлығы 7 оттегі концентраторы, соммасы 5 миллион 600 мың тенге. Бұл құрылғыларды біз, барша партияластар атынан табыс еттік. Сонымен өзіңізге мәлім Nur Otan партиясы жанынан құрылған Bizbirgemiz қоры атынан, күні бүгінге дейін барлығы 24 254 отбасы 50 000 тенге көлеміндегі қаражатпен және 90 миллион тенгеге 7 600-ден астам отбасы азық-түлік себеттерімен қамтылды. Аталмыш шараларға 1 миллиард 300 миллион қаражат жұмсалды. Концентратор жеткізу жұмыстары бойынша аудандық филиал төрағаларына тапсырма берілді, бұл жұмыс 12 аудан бойынша жалғасады. Қазіргі жағдайда барша кәсіпкерлерді, белді азамат және азаматшаларды еліміздегі індеттен тез шызу үшін жұмылып қол ұшын беруге шақырамын. Алдағы уақытта бұл індеттен аман-есен шығып, жақсы күндерде жолығамыз деген ниеттемін», – деді.   https://youtu.be/CiA0m0rONao