Жүкті әйелдер мен босанған әйелдер шұғыл көмек керек болған жағдайда, олардың ПТР тест бар-жоғына қарамастан ауруханаға жатқызылады.
Осы мақсатта қала перзентханаларында науқастар оқшауланған жағдайда болатын уақытша бөлімшелер ашылған. Медициналық көмек эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, толық көлемде көрсетіледі.
COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында перзентхана қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау қамтамасыз етілген.
Шұғыл ауруханаға түскен жағдайда ПТР әдісімен тестілеу жүргізіледі. Егер нәтижесі теріс болса, пациент жалпы бөлімге ауыстырылады. COVID-19 инфекциясына оң нәтиже көрсеткен жағдайда, науқас жұқпалы аурулар ауруханасына немесе мамандандырылған перзентханаға ауыстырылады.
Егер жаңа босанған әйелде ПТР әдісімен тестілеу нәтижесі оң болса, жаңа туған нәресте де тексеруден өтеді.
Осы уақыт аралығында ПТР әдісімен тестілеу нәтижесі шыққанға дейін басқа балаларға жұқпас үшін, нәресте уақытша оқшауланады. Егер нәрестеде нәтиже оң болса, ол анасымен бірге емделеді. Егер теріс болған жағдайда баланы туыстары алады.
Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық басқармасы тұрғындарды COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алдын алу бойынша мамандардың кеңесіне құлақ түруге шақырады.