Өсім көрсеткіші бойынша Қазақстан әп-сәтте көш бастап шыға келді. Осы жағдайға байланысты Аzattyq Ryhy коронавирустың әлемнің түрлі елдерінде таралу қарқынын зерделеп шыққан. Қазақстан статистиканы жариялау ережесін өзгерткендіктен, науқастар саны жалпылама есептеледі. Денсаулық сақтау министрлігінің статистиканы жүргізу тәсілі бойынша симптомсыз науқастарды бұдан былай коронавирусқа шалдыққандардың жалпы тізіміне қосатын болады.
Енді маңызды көрсеткіштерге келейік. Джонс Хопкинс университеті (АҚШ) мен worldometers.info сайтының 9 шілдедегі дерегі бойынша, індет жұқтырған саны бойынша АҚШ бірінші орында. 1 млн адамның 9 727-сі вируспен күресіп жатыр, ал олардың жалпы саны – 3 219 999. Бразилияда COVID-19 диагнозымен 1 759 103 адам (1 млн адамның 8 274-і) тіркелген, Үндістанда – 794 842 (1 млн адамның 576-сы), Ресейде – 707 301 (1 млн адамның 4 847-сі) адам. Антирейтингтің бестігін Перу (316 448 адам індет жұқтырған) түйіндейді. Жуырда ғана бұл орында Ұлыбритания тұрған еді.
[caption id="attachment_56790" align="alignnone" width="1200"] Коллаж: Жұмабек Айқынұлы[/caption]
Әлемдік көрсеткіш бойынша Қазақстан коронавируспен ауырғандар саны жөнінен 32-орында. 53 мың жағдай тіркелген немесе 1 млн адамның 2 823-і індетпен күресіп жатыр.
Зерттеулерге сәйкес, Қазақстанда 1 млн адамның 264-і қайтыс болған. Шілде айының екінші онкүндігі де басталды. Орташа есеппен елімізде симптомсыз науқастарды есептегенде күніне бір жарым мың адам тіркеліп жатыр.