Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жерінің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.
«Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатында ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек», - деді Президент.
Президент 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтты.
«Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз», - деді ол.