Ғалым коронавирус жұқтырған науқастарға қандай дәрі-дәрмек ішу керектігін айтты
Ғалым коронавирус жұқтырған науқастарға қандай дәрі-дәрмек ішу керектігін айтты
© сурет инернеттен алынды
364
оқылды
Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирус індеті 3 кезеңнен тұратынын, алғашқы кезеңінде еш дәрі-дәрмек ішуге болмайтынын айтты, - деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Бірінші кезең - интоксикациялық кезең. Науқастың дене қызуы 38 градустан 40-қа дейін көтерілуі мүмкін. Әлсіздік пен терлеу басталады. Осы кезең бір аптаға созылады. Осы кезеңде ешқандай дәрі-дәрмекті ішпеген абзал. Дене қызуы 38 градустан артса ғана, оны төмендететін дәрі қолданылады. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды», - деді ол.
Айтуынша, екінші кезең 3-4 аптаға созылады.
«Бұл респираторлық синдром деп аталады. Дене қызуы көтерілген соң, құрғақ жөтел пайда болып, ентікпе басталып, буындар сырқырай бастайды. Осы кезде талдау сынамасының нәтижесі бойынша дәрігер антибактериялық дәрі-дәрмекті жазып беруі мүмкін. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды», - деп ескертті ол.
Ал, үшінші кезеңде, яғни оңалу кезінде организмді қалпына келтіру жаттығуларын жасауға болады.