Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке тексеру барысында севофлуран, цефтриаксон, меобактрин, альбунорм, неоцитотект, октагам, архимакс, меропенем, годовист және пропофол сияқты 90 құты дәрі тәркіленді.Сонымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен қаражаты 1 млн 370 мың теңге болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ