Бәліш жесе мас болып қалатын азамат
Бәліш жесе мас болып қалатын азамат
©Сурет интернеттен алынды
284
оқылды
Ол азаматтың есімі – Дэнни Джаннотто, 49 жаста. Дэнни АҚШ-тағы Нью-Джерси штатының тұрғыны.
Бір тілім бәліштің өзі оны масайтып тастайды. Тіпті, сөйлей алмай, жүруден қалады. Оның осындай жағдайын көрген полицейлер бірнеше рет қамауға да алған. Себебі, ішімдікті тексеретін құрылғы ағзада алкогольдің барын көрсеткен. Онда алкогольдің күшін бес есе күшейтіпті.
[caption id="attachment_56930" align="alignleft" width="241"]АҚШ ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Бір тілім бәліш, торт, пицца жесем болды, ағзадағы алкогольді 4 промильге көтеріп салады» дейді ол. Дәрігерлердің айтуынша, Дэннидің дерті – сирек кездесетін аурудың бірі. Ағзаға түскен көмірсутегін асқазан алкогольге айналдырып, ашытып тастайды екен.  Медицинада оны «ашыту синдромы» деп аталады.