БҚО-да ерлі-зайыптыны өлтіріп, мәйітін айдалаға көміп кеткен
БҚО-да ерлі-зайыптыны өлтіріп, мәйітін айдалаға көміп кеткен
©Сурет интернеттен алынды
201
оқылды
Батыс Қазақстан Облысының екі тұрғыны ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер, өз қылмысын мойындап, олардың көміп кеткен жерін көрсетті.
«Мой город» басылымының жазуынша, қылмыс осы жылдың сәуір айында жасалған. Қылмыскерлер ізін жасыру үшін қаза болғандардың көлігін өртеп жіберген. Өртенген көлік жазық даланың шұңқырынан табылды. Оны Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылының тұрғыны тауып алған. Ол Жайық өзенінің жағасында балық аулап жүрген. Жол ортада өртенген көлікті көріп, полицияны шақырған.
Оқиға орнына келген полицейлер өртенген Volkswagen Jetta көлігінің қалдығын тауып, тексеріс жасап, көлік иесін тапты. 48 жастағы ер азамат әйелі екеуі тұрғылықты жерінде бірнеше күн  болмапты. Көрші-қолаң, ағайын-туғандардан сұрастырғаннан еш нәрсе табылмады. "Алайда жедел-іздестіру шараларының барысында БҚО-ның екі тұрғыны күдікті ретінде іздестірілді. Олар 14 сәуір күні Деркул ауылында ұсталып, дереу Бәйтерек ауданының тергеу изоляторына қамалды", - деді БҚО ДП басшысының орынбасары Асхат Теміржанов.