«АХҚО»-ның беталысы қандай?
«АХҚО»-ның беталысы қандай?
335
оқылды
Бүкіл ТМД көлемінде, Орталық Азияда және түркі әлемінде ірі қаржы орталығының жоқтығы байқалып, олқы соғып тұрды. АХҚО-ның құрылуы сол орынды толтырғандай. Ол әлемдік ең озық қаржы орталықтарының үздік тәжірибесі мен қазіргі заманғы мүмкіндіктерін біріктіретін бірегей орталыққа айналуы тиіс.  

Орталық мақсатына жете алды ма?

Алдымен орталық ұсынар игіліктерге тоқталсақ. АХҚО елге инвестиция тартуы, сонымен қатар ірі қаржылық, өндірістік және сауда корпорацияларына, нарыққа ал­ғаш рет шыққан компанияларға олардың дамуы мен өсуі үшін қосымша мүмкіндік-ре­сурстар ұсынады. Қазақстан осы орталық арқылы өңірде ал­ғаш болып Англия мен Уэльс құқығының қағи­даттары, нормалары мен прецеденттеріне және жетекші әлемдік қаржы орта­лық­тары­ның стандарттарына негізделген, бизнес үшін ең қолайлы заң режимін ұсынып отыр. Оның соты өз қызметінде тәуелсіз және Қа­зақстанның сот жүйесінің бір бөлігі болып са­налмайды. Ол І сатыдағы соттан (150 мың АҚШ долларына дейінгі сомаға талап-арыз­дарды қараудың арнайы жеделдетілген рәсімі бар) және апелляциялық соттан тұрады. Орталықтың жаңа биржасы – Astana International Exchange (AIX) ең заманауи шешімдер негізінде және тәжірибелі, бе­делді халықаралық ойыншылардың қолдауымен құрылған. АХҚО биржасының басқарма тө­ра­ғасы Тим Беннеттің айтуынша, осы ор­талық биржасы арқылы инвесторлар өз ісін өркендетіп, акционерлік капиталын толтыруға 18 ай ішінде 290 миллион дол­лар тартыпты. AIX алаңында 2,8 миллиард доллар сомаға – жариялы борыштық құнды қа­ғаз­дар және 4,3 миллиард долларға – жеке борыштық құнды қағаздар (private placement) листингтен өткен. Елордалық биржада сауда көлемі де айтарлықтай арт­ты: ол алдыңғы жылғыдан 2,7 есеге өсті. 2019 жылы биржа жұмысы «Қа­за­томөнеркәсіптің» құнды қағаздарын сау­далаудан басталған болатын. Содан бері жеке инвесторлар тарапынан сұра­ныс 5 есеге ұлғайыпты. АХҚО биржасы алдағы екі айда ұялы қо­сымшасын іске қоспақ. Бұл жеке ин­весторларға, қазақстандықтарға құнды қағаздар сатып алудың жылдам әрі қолайлы тәсілін ұсынып, белсенділігін арттыру үшін қажет.  

Жарты жылда 4 млрд жұмсалған жоба

Бірнеше жыл бұрын Үкімет Астананы жаһанға танымал қаржы орталығы ету үшін бас қаладан әлемнің басты орта­лықтарына тікелей әуе рейстерін ашуға ұйғарды. Сонда кез келген инвестор не алпауыт бизнесмен жолай ұшақтан-ұшаққа кіріп-шығып қиналмай-ақ төрткүл дүниенің жетекші орталықтары­нан елордамызға тура жете алмақ.  

Бұлардың бәрінің еңбекақысын төлеуге, әкімшілік шығыстарын өтеуге қанша қаражат кетеді? Ол шығынның көлемін атаудан АХҚО төрағасы Қайрат Келімбетов о бастан тоқтаусыз бас тар­тып келеді. Тек қазақстандық кадрлардың миллион теңге айналасында жалақы ала­тынын мәлім еткені есте.

  Алайда Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің дерегіне жүгінсек, Нұр-Сұлтан–Токио бағыты сұранысқа ие болмапты. Бұрын дәл осы комитет төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Серік Мұхтыбаев қазіргі әріп­те­сіне «Күншығыс еліне» ашылған әуе рейске қатысты сұрақ қойып, мән-жайын білді. Қос азиялық мемлекеттің астаналары арасында әуеқатынасы был­тыр, пандемия қарсаңында жолға қойы­лыпты. – Нұр-Сұлтан–Токио әуебағдарына 2019 жылдың 5 айында, сондай-ақ 2020 жылдың басында жалпы алғанда 4 мил­лиард теңге жұмсалды. Мемлекет суб­сидиялайтын осы бағдар іске қосыл­ған­нан уақытша тоқтатылғанға дейінгі аралықта 2 751 жолаушы тасымалданды. Рейстер дүниежүзінде COVID-19 пан­демиясының өршуіне байланысты до­ғарылды, – деп қысқаша жауап қатты Аза­маттық авиация комитеті төрағасы­ның қазіргі орынбасары Салтанат Томпиева. Яғни, небәрі 2,5  мыңдай ғана жо­лаушыны жеткізу үшін 4 миллиард ел қар­жысы кеткен. Және оның қызығын жалғыз ғана компания көргенге ұқсайды. Мұны ведомство басшысының тағы бір орынбасарының жауабынан білдік.  

Жолаушы жоқ, SCAT дайын!

Жуырда ұқсас сауалмен меморганға туризм жөніндегі менеджер Жанаргүл Тойымбаева жүгінді: «Бірінші санаттағы елдер қатарындағы Жапония еліне қа­шан әуе рейс қайта ашылады?»  деп сұра­ды. Азаматтық авиация комитетінің ха­барлауынша, тура 1 жыл бұрын, 2019 жыл­ғы 6 шілдеден бастап SCAT әуе­ком­паниясы аптасына 2 рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан–Токио–Нұр-Сұлтан ара­лығында тікелей рейстерді орындауға кірісті және бюджеттен субсидия қара­жат алды. – Алайда коронавирус инфекция­сы­ның таралуына байланысты және ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мем­комиссияның шешімі негізінде 2020 жыл­ғы 3 ақпаннан бастап 98 халықаралық маршрут бойынша аптасына 440 рейс немесе барлық халықаралық ұшулардың 99%-ы қысқартылды. Енді халықаралық жолаушылар әуетасымалын қалпына келтіру туралы шешімді Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) қабылдайды, – деді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орын­басары Ардақ Өтепов. Нәтижесінде, ВАК-тың осы жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, сондай-ақ ДСМ ұсынымдарын, Дүние­жүзі­лік денсаулық сақтау ұйымының әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі картасын ескере отырып, Қазақстан биылғы 20 маусымнан бастап Түркия, Оңтүстік Корея, Грузия, Таи­ланд, Қытай және Жапония мемле­кет­теріне халықаралық рейстерді біртіндеп қайта ашуға бел буды. Рас, республи­камызда індеттің өршігенін байқаған Түркия бізбен әуеқатынасын тыйып, қазақ­стандық жолаушылар үшін әуе қақпа­ларын жауып тастады. Ал Жапо­нияға ұшудан Қазақстанның өзі бас тар­тыпты. AIFC1 – Жолаушылар ағымының төмен деңгейін есепке ала отырып, SCAT әуе­компаниясының Нұр-Сұлтан–Токио–Нұр-Сұлтан бағытында тұрақты рейс­терді орындауы тоқтатылды. Егер бола­шақта екі ел арасында іскерлік барыс-келіс, жолаушылар тарапынан сұраныс жақсарып жатса, SCAT Токиоға және кері бағытта тұрақты рейстерді жаңартуға дайын!, – деді А.Өтепов.  

АХҚО соты 5 іс қараған

Жақында, 8 шілдеде АХҚО соты шет­елден жаңа төраға жалдады, сол үшін ант беру салтанаты ұйымдастырылып, Лорд Манс Қазақстанға адал қызмет етуге уәде етті. Жалпы, осы орган Жақып Асанов бас­қаратын отандық сот жүйесіне ұла­ғат­ты үлгі болып, озық тәжірибеге үйре­тіп, Қазақстанда халықаралық стан­дарт­тарға сай келетін заманауи, кәсіби және тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға ық­пал етуі тиіс болатын. Қайтарымы қай­да? Осының алдында, былтырғы 30 қара­шада «Астана» қаржы орталығының со­тына жаңа судьялар тағайындалды. Өкінішке қарай, бұрынғы жоғары жа­лақы алған судьялардың не бітіргені тура­лы еш есеп берілмеді. Бірақ АХҚО со­тына шетелден ең білікті кадрлар шақырылады. Атап айтқанда, Лорд Манс осыған дейін Ұлыбритания Жоғарғы соты төра­ғасының орынбасары болған. Нұр-Сұлтанда білдей лауазым иеленгенімен ол Ұлыбританияның Лордтар палата­сының Этика жөніндегі комитетінің төра­ғасы қызметінде қалған. Мұның сыр­тында Манс мырза – Өзін-өзі жұмыс­пен қамтыған ағылшын баррис­терлерінің жауапкершілігін сақтандыру қорының директоры. Сонымен қатар Лондондағы банкке қатысты апелля­циялық даулар бойынша әртүрлі три­буналдарға төрағалық етеді. Елорда қаржы орталығы сотының та­ғы бір жаңа судьясы Алан Маклин – Blackstone барристерлер палатасының іс басындағы корольдік адвокаты. Үшінші жаңа судьясы – Чарльз Баннер болса, Landmark барристерлер палатасы атынан Лондон мен Бирмингемде, сондай-ақ Уэльс пен Солтүстік Ирландияда қатары­нан іс жүргізетін барристер-адвокат. Де­мек, барлығы да қоса атқаратын се­кілді. Бұлардың бәрінің еңбекақысын төлеуге, әкімшілік шығыстарын өтеуге қанша қаражат кетеді? Ол шығынның көлемін атаудан АХҚО төрағасы Қайрат Келімбетов о бастан тоқтаусыз бас тар­тып келеді. Тек қазақстандық кадрлардың миллион теңге айналасында жалақы ала­тынын мәлім еткені есте. «Астана» қаржы орталығының ай­туынша, 2019 жылы АХҚО соты және АХҚО Халықаралық арбитраж орталығы әзірге тек 5 істі қарады. Негізі, қаржы орталығы 2015 жылы құрылғаны белгілі. Іле-шала соты да қалыптастырылды. Бірақ оның соты тұңғыш отырысын тек 2019 жылы ғана өткізіп, сонда бірінші сот шешімін шығарды. Оның өзінде АХҚО-да тіркелген жергілікті компания мен шетелдік компания арасындағы көрсетілген қызметтің ақысын төлемеуге қатысты, сомасы шағын дау қаралыпты. Бұдан басқа, арбитраж көмегімен 1 дау және медиация арқылы 3 іс пысықталған. Коронавируспен күресу үшін мем­лекеттің ТЖ және шектеу шараларын енгізуі салдарынан көптеген кәсіпкер мен компания тендер мен келісімшарттар аясында міндеттемелерін уақытылы орындай алмады, тауарларды дер кезінде жеткізбеді, белгіленген күні қызмет көр­сетпеді. Сол үшін қарсы тарап – контрагенті миллиондап айыппұл салу­да. Содан соттардағы талас-тартыс саны көбейген. Бизнес омбудсмен Рустам Жүр­сіновтің айтуынша, тек қызмет көр­сету саласында ғана 838 мың ком­па­ния, 1,5 миллионға жуық адам зардап шек­ті. Қазақстанда 2020 жыл басталғалы 4,5 миллиондай мәміле жасалды, біразы орын­далмады. Кесірінен, бұл 1 мил­лион­нан астам сот өндірісіне соқтыруы мүмкін. Сондықтан соттар алапат салмақ астында езіліп қалмауы үшін Жоғарғы сот төтенше жағдайды «форс-мажор» деп танып, кәсіпкерлерді міндеттемені орындаудан босатты. Олай болса, осындай қиын шақта отан­дық сот жүйесіне АХҚО соты кө­мек­ке келіп, орасан зор іс ауқымының бір бөлігін өз мойнына алып, жүктемені жеңілдетсе, игі.  

Елдос СЕНБАЙ