Атырау облысы коронавирус жұқтырудан көш бастап тұр
Атырау облысы коронавирус жұқтырудан көш бастап тұр
фото: ашық дереккөз
329
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың мәліметінше,  республикадағы коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында. «Соңғы тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 336 жағдайы тіркеліп, науқастардың жалпы саны 7150 адамға жетті. Індеттің негізгі ошақтары – Атырау қаласы мен Жылыой ауданы. Осы екі жерде қауіпті індетке шалдыққандар барлық науқастың 85 пайызын құрап отыр. Ал, пневмонияның 2174 жағдайы тіркелген. Соңғы екі айда жедел меициналық жәрдемді шақыру 2 есеге өскен. Мұның бәрі шұғыл шаралар қабылдауды қажет етеді» -деді Ералы Тоғжанов онлайн брифингте. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға байланысты қолға алынатын мәселелер: «Біріншіден, Атыраудан Алматыға, Ақтөбе мен Маңғыстауға темір жол қатынасы тоқтатылады. Екіншіден, мейрамханалар мен дәмханалар, асханалар мен қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік емес дүкендер үйге жеткізу режимімен жұмыс істейді. Үшіншіден, полиция департаменті және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті отбасылық шараларды өткізуге салынған тыйымның сақталуын қадағалап, оны бұзғандарды анықтауды қамтамасыз етуі тиіс. Төртіншіден, Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдармен вахталық жұмысқа келетіндерді үш күн бұрын тұрғылықты мекенжайында ПТР-тесттен өткізуі керек. Бұл тапсырманың орындалуына жұмыс берушілер жауапты болады. Бесіншіден, Атырау облысының әкімдігі дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін шешуі қажет. Өңірдегі, соның ішінде Жылыой ауданындағы карантиндік шектеу шараларының сақталуын бақылауға алуы керек. Мобильді топтардың саны 120-ға жеткізу, коротакси қызметін ұйымдастырып, жеке клиникаларды науқастарды емдеу ісіне тартуы қажет», -деді Ералы Тоғжанов.