Шымкентте кәсіпкерлер тойхана мен мейрамхананы привозорлық орталыққа беруге дайын
Шымкентте кәсіпкерлер тойхана мен мейрамхананы привозорлық орталыққа беруге дайын
фото: ашық дереккөз
220
оқылды
Шымкент қаласындағы мейрамхана мен тойхана иелері эпидемиологиялық жағдайға байланысты мұқтаждық болса ғимараттарын провизорлық орталыққа айналдыруға дайын екендігін жеткізді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгінде қаладағы ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін орындар жеткілікті екеніні айтты. Алайда, індеттің таралуы өсіп, науқастар көбейген жайғайда әкімдік мейрамханаларды, тойханаларды провизорлы стационар ретінде пайдалануға болатынын жеткізді. Қазіргі таңда қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын қала басшысының бірінші орынбасары Ербол Садыр баяндады. «Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге 7 миллиард қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте, медициналық мекемелерді үлкен сұранысқа ие дәрі - дәрмектермен, ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттарымен және компьютерлік томографиямен (КТ) қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады», - деді Ербол Садыр. Сондай-ақ, қала әкімінің бірінші орынбасары сауда орталықтары мен басқа да қаладағы ірі нысан иелері тұрғындарға уақтылы медициналық көмек көрсету үшін тегін көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.