«Мемсараптама» басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
«Мемсараптама» басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
фото: ашық дереккөз
180
оқылды
Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. «Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын «1500 орынға арналған орта мектептің құрылысы» жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу үшін 1 млн теңге сомасында пара алды және берді деген күдікпен Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК басшысы және ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. РМК басшысы ұсталды және Талдықорған қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалған», - делінген Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің таратқан хабарламасында. Қазір тергеп-тексеру жалғасуда.