Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған стационар ашылады
Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған стационар ашылады
фото: ашық дереккөз
267
оқылды
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы инфекциялық және провизорлық ауруханаларға қосымша орындар ұйымдастыру, сондай-ақ, Halyk Arena госпиталінде дайындық қалай жүріп жатқанын жазды. «Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған стационар ашылады. Соның ішінде реанимациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескеріледі. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен туннельдер, желдету және залалсыздандыру жүйелері орнатылды. Кезең-кезеңімен медициналық жабдықтар орнатылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда. Жақында арада бұл жер алғашқы пациенттерді қабылдайды», - деді Б. Сағынтаев.