Түркістанға 2 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді
Түркістанға 2 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді
фото: ашық дереккөз
212
оқылды
Бүгін Түркістан қаласына пандемия кезіндегі науқастарға аса қажетті 2 тоннадай дәрі-дәрмек қоры жеткізілді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді. Барлығы 27 миллион теңгеге халыққа қажетті дәрінің 136 түрі Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниядан әкелінген.    width= Атап айтқанда, антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және тыныс алу жолдарына арналған дәрілер бар. Олар облыс орталығындағы дәріханаларға шекті бағамен үлестіріліп, азаматтарға белгіленген бағада сатылымға шығатын болады.    width= "Келісім-шарт бойынша дүйсенбі күні растоможкада тұрған Өзбекстаннан тағы да бір жүк көлігі келеді дәрі-дәрмекпен. Одан кейін келесі аптаның соңына қарай Алматыдан тағы келеді. Антибиотиктер тек дәрігерлердің рұқсатымен сатылады. Және парацетомол, аспирин секілді дәрі-дәрмек бір қолға екі құтыдан сатылады" - деді облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов.    width= Сонымен қатар, қосымша дәрілер алуға өзге де компанияларға сұраныс берілген. Алдағы уақытта көрші елдерден де препараттар алынып, облыстағы дәріханалардың сөрелері қажетті дәрілермен қамтылмақ. Айта кетерлігі, жергілікті ауруханаларда дәрі тапшылығы жоқ. Егер де, дәрі жетіспеушілігі немесе бағалардың негізсіз көтерілуі орын алса, кез-келген азамат Amazing Turkistan электронды қосымшасының "Дәріхана" айдарындағы "Шағымдану" бөлімі арқылы шағымдануға болады.  

Тельман БЕЙСЕНОВ