Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров көз жұмды. Әріптестері оны ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әр қазақ менің жалғызым» деп соққан тағы бір жүрек тоқтады. Өкінішті. Отбасына, ағайын-туысына қайғыра көңіл айтамыз! Сіз бізге кәсіби біліктілігіңізбен қатар, адалдық, адамдық қасиеттеріңізбен үлгі болдыңыз, енді мәңгі жүрегіміздесіз», - деп жазды Хромтау аудандық ауруханасының ұжымы.
Қалихан Қозбағаровтың әріптестері карантин режимін сақтап, оны соңғы сапарға шығарып салды.