Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты.
Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
"Бүгін ауруханадан шықтым. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын. Бірінше кезекте жерлестеріме, достарыма, туған-туыстарыма рақмет айтамын.
Дәрігерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Көптеген адамның өмірі дәрігерлерге байланысты. Енді сіздермен бірге пандемияны жеңу үшін жұмысқа кірісемін. Барлық күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Құрметпен Амандық Баталов", - деп жазды ол.