Президент халықпен бірге екендігін жеткізді –Құндызай Ерімбетова
Президент халықпен бірге екендігін жеткізді –Құндызай Ерімбетова
фото: ашық дерекөз
504
оқылды
Қазіргі таңда әлемді жайлаған індет халқымызға оңай тиіп отырған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күні жасаған телевизиялық Үндеуі арқылы қиын сәтте өзінің халықпен бірге екендігін жеткізді. Бұл туралы БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Құндызай Ерімбетова айтты. Ол  жағдайдың тұрақталатынына сенім білдіріп, індеттің алғашқы кезеңінен мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.  Оның сөзінше, республикадағы білім, ғылым, ақпарат, экономика, халықаралық қатынастар және басқа да сала мамандары қашықтықтан жұмыс атқаруда. Бұл – мемлекеттің стратегиялық техникалық-ақпараттық, ғылыми, шаруашылық бағдарламаларының алдын ала қолға алынғанының нәтижесі. Тарихшы қазіргідей қиын шақта бірлігімізді көрсетіп,  басқа түскен қайғыны бөлісу басты мақсат екенін айтты. «Мемлекет басшысының салмақ пен сабырға шақыруының төркіні, заманауи алапат індеттің тосын келе, тоқтамауында болса керек. Осындай кезеңде қорқыныш пен парыз сезімі тайталасқа түсетіні белгілі. Бүгінгі күні әрбір азамат өзі әрі өзге үшін күресіп жатыр. Қорқыныш пен үрейдің болуы заңды. Десе де, адамның басына түскен қайғыны бөлісу – ортақ мақсат», -дейді Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері. Құндызай Ерімбетова қоғам ішінде іріткі салатын арам пиғылды әрекеттердің көбейгенін айтып, жалған ақпаратқа жол берілмеуі тиіс деді. Сол себепті халықты үрейге бой алдырмауға, табындылық танытуға шақырды. «Сіз жалғыз емессіз, ауыртпалық ел түгілі адамзатты жайлады. ХХI ғасырдағы өмір үшін күрес, адам бойындағы абырой мен күш-қайратқа тиесілі болып тұр. Қалай дегенде де, адаи қасиеттер сынға түсетіні айқын. Қандай ел табандылық көрсетсе, жеңіс те соныкі», - деді ол.