Ақорданың алдында аза тұтады
Ақорданың алдында аза тұтады
Коллаж: Жұмабек Айқынұлы
214
оқылды
Оның жазуынша, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады. Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.