Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі мәлімдеме жасады
Фото: Интернеттен алынды
176
оқылды
Алдағы 2-3 аптада қаза болғандар саны артуы мүмкін. Бұл туралы елдегі Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Бретт Жируар мәлімдеді.  Оның  айтуынша, эпидемияның бастапқы кезеңіне қарағанда қазір елдегі емдеу ісінің тиімділігі артқан. Өйткені жаңа әдістер қолға алына бастады. Шенеунік  күзде аурудың екінші толқыны басталуы мүмкін екенін айтты. Соңғы айда АҚШ-тың ірі штаттарында коронавируспен ауырғандар күрт көбейген. Билік маусымдық тұмауға да көңіл бөліп жатыр. Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 3,2 миллионнан астам адам індет жұқтырып, 135 мың адам көз жұмды.