Коронавирус: Қандай жағдайда пневмония пайда болады?
Коронавирус: Қандай жағдайда пневмония пайда болады?
© сурет интернеттен алынды
148
оқылды
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдейтін хаттама неге өзгере беретінін түсіндірді.
"Вирус жоғарғы тыныс алу жолдарын ғана зақымдамайды. Коронавирус ринит немесе фарингитты ғана тудырған жағдайлар бар. Ал төменгі тыныс алу жолдарына түссе, онда пневмония пайда болады. Шын мәнінде аурудың клиникалық көрінісі бұл басқа пневмония екенін көрсетті. Өкпенің тамырлары, қыл тамырлары (капилляр) қабынады, қан қоюланады. Сондықтан науқастарда ентікпе пайда болады. Оларға ауа жетіспейді. Науқастың жағдайы қиындағанда өткір респираторлы дистресс синдромы пайда болады. Дәрігерлер бұндай кезде оларды тыныс алдыру аппаратына қосуға мәжбүр болады", - деді Қасенова брифингте.
Оның айтуынша, коронавирус әлі зерттеліп үлгермеген жаңа инфекциялық ауру, сондықтан ол туралы нақты ілім жоқ.
"Қазіргі жағдайда коронавирус бойынша ілім үнемі жаңаруда. Бұрын мұндай ауруды білген жоқпыз. Дәрігерлер үшін ақпарат үнемі жаңартылады. Коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттамалар жиі өзгереді. Тіпті Қазақстанға келген мәскеулік дәрігерлер тобы да клиникалық хаттамалары мен ұсыныстары уақытша екенін айтты. Реейде де ұсыныстардың сегізінші нұсқасы дайындалып жатыр. Біз бұл ауру туралы ойға келмеген және қазір пациенттерімізден байқап жүрген көп жаңа нәрсені үйреніп жатырмыз. Осыған байланысты науқастарды емдеуде диагностика жасау жолдары өзгереді", - деп түсіндірді ол.