Қазақстанда науқастарға қанша өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты қажет?
Қазақстанда науқастарға қанша өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты қажет?
Коллаж: Жұмабек Айқынұлы
520
оқылды
Қазақстан 4 мыңнан астам коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін өкпені жасанды тыныс алдыру   аппаратын сатып алуы қажет.
«Қазіргі таңда Қазақстандағы инфекциялық стационарлардағы 1553 инфекциялық жансақтау төсек орнында 966 дана стационарлық өкпені жасанды желдету аппараты бар. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының болжамына сәйкес жалпы елге алдағы уақытта 6 365 жансақтау төсек орнына 4 093 өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алу керек болады», – деді Алексей Цой.
Министрдің айтуынша, 4 мыңнан астам аппаратты сатып алған жағдайда елдегі ауруханалар ауруға шалдыққандар күрт көбейген жағдайда да науқастардың өмірін аман алып қалады.
«Бұл аппараттарды сатып алу шығынын Дүниежүзілік банктің қарызын қайта бөлу жолымен 5,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттердің 4,9 млрд теңгелік ресурсымен, Үкімет резервінің қаражаты арқылы (отанды өндірістегі аппараттарды сатып алу арқылы) жабу ұсынылады», – деді министр.
Министрдің айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл тамыз айында өкпені жасанды желдету аппараттары Қазақстанда шығарылады.