Қазақстандағы ДДСҰ бас өкілі Кэролайн Кларинвальдің БҰҰ сайтында сұхбаты жарияланды. Сұхбатта ол еліміздегі белгісіз пневмония туралы айтқан.
Кэролайн Кларинваль Қазақстанда өршіп тұрған пневмонияның себебі толық зерттелмегенін айтып, әзірше асығыс шешім қабылдамауға шақырды.
"Иә, маусым айының басынан бастап пневмония жағдайлары көбейді, бізге осы жағдайды анықтауды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі де осымен айналысып жатыр. Бұл хабарламалар БАҚ-тың басты назарында. Алайда біз қандай да бір қорытынды жасамас бұрын деректер жинап, оларды зерттеуге тиіспіз. Мен доктор Райанның айтқанын қайталаймын: бұл COVID-19. Кейбір пациенттер көмекке кеш жүгінді, оларда пневмония белгілері бар болса, бірақ біз әзірге вирустың бар-жоғын анықтай алмаймыз.Сондай-ақ, жергілікті зертханалардың мүмкіндіктерін анықтау қажет. Біз кейде жалған теріс нәтижелер болатынын білеміз. ДДСҰ елге зертханалық зерттеулер саласындағы сарапшылар тобын жібереді. Мұнда түрлі себептер болуы мүмкін, бірақ ең бастысы - қорытынды шығаруға асықпаңыз, себебі бізде әлі қажетті барлық ақпарат жоқ", - деді ол.
Еске сала кетейік, ДДСҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан Қазақстанда өршіп тұрған пневмония коронавирус болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.