Бірқатар санаттағы азаматтарға 42 500 теңге өтінішсіз берілуі мүмкін - Нұрымбетов
Бірқатар санаттағы азаматтарға 42 500 теңге өтінішсіз берілуі мүмкін - Нұрымбетов
© сурет интернеттен алынды
101
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халықтың «өткенде алдық, енді жаңадан өтінім бермей-ақ төлей салуға болмай ма?» деген сауалына жауап берді.
«Көп адамнан «өткенде алдық, енді жаңадан өтінім бермей-ақ төлей салуға болмай ма?» деген сұрақ түсті. Өтінім бермесе болмайды деп деген шешім қабылданды. Себебі біріншіден әр өңірде жағдай әртүрлі. Кей мекемелер жұмыс істеп жатыр. Бұрын тоқтап тұрғандары қайтадан жұмысына кірісті. Оның үстіне төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп, қазір жұмыссыз қалған адамдар да болуы мүмкін. Әрине, олар да өтінім беріп, төлемді алуы тиіс», - деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Министрдің айтуынша, бірқатар санаттағы азаматтарға  әлеуметтік төлем өтінішсіз берілуі мүмкін. Бұл мәселені қазір Еңбек пен Цифрлық даму министрліктері талқылауда.
«Сол белгілі бір санаттағы азаматтардың атына «Өткен жолы әлеуметтік төлем алдыңыз. Жағдайыңыз сол қалыпта ма? Оны растайсыз ба? Сізге өтінішсіз төлем тағайындасақ, қарсы емессіз бе?» деп СМС-хабарлама жібереміз. Қарсы емеспін десеңіздер, жұма күннен бастап әлеуметтік төлем тағайындауға дайынбыз», - деді министр.