Карантин режимі жағдайында талапкерлерге ыңғайлы болуы үшін білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды. Құжаттар 20 шілдеге дейін емес, 25 шілдеге дейін қабыладанады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:
⠀
өтініш;
білімі туралы құжат;
жеке куәлік көшірмесі.
⠀
Медициналық анықтама уақытша талап етілмейді.
ҰБТ сертификаты жүйеде автоматты түрде пайда болады, сондықтан оны Egov.kz- ке жүктеудің қажеті жоқ.
ҰБТ сертификаттары электронды форматта берілген болатын.
⠀
Конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік гранттың берілгені туралы электронды сертификат ұсынылады. Талапкерлерге қағаз сертификаттарды алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.
Гранттарды тағайындау форматы өзгерген жоқ, яғни маусым айында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша үміткерлер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады. Биыл гранттар оқу тіліне байланысты болмайды.
⠀
Жоғары оқу орындарына талапкерлерді тамыздың 10-25 аралығында оқуға қабылдайтын болады.
⠀
Жоғары оқу орындарында білім қашықтан беріледі. Дәстүрлі формат жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін өткізіледі.