Түркия мен Еуропадағы қандастардан келген гуманитарлық көмек ауруханаларға таратылып жатыр, - деп хабарлады «Отандастар» қоры.
Айта кетейік, 14 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:30-да Түркия мен Еуропадағы қандастар бірігіп ұйымдастырған гуманитарлық көмек Қазақстанға келіп жеткен болатын.
Көмектің жалпы салмағы – 900 киллограмға жуық. Оның ішінде медициналық заттар (бетперде, термометр, қорғаныш костюмдері және басқалар) және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар. Бұл медициналық жабдықтар еліміздегі медицина орталықтарына үлестіріледі.