«Елдегі жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздар санын Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қадағалап отырады. Өкінішке қарай, олар әлі ресми деректерді жария еткен жоқ. Екінші тоқсанның мәліметтері 12 тамызға қарай болады. Дегенмен біз еңбек нарығын бағдарлауға тиіспіз. Екінші жағынан жұмыспен қамту орталықтарына тіркелу де жұмыссыздық деңгейінің бейнесін көрсете алады. Сондықтан өзіміз де бағалау жүргіземіз. Әр өңірдің санитар дәрігерінің шешімін, қандай кәсіпорындар қызметі шектелгенін, онда қанша адам жұмыс істеп жатқанын қаперге аламыз», – деді министр Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша, елімізде жұмыссыздық деңгейі сәуір айында шырқау шегіне жеткен. Аталған айда республикада 4 млн 200 мың адам жұмыссыз қалған.
«Одан кейін шектеулер алынған жоқ, жұмыссыздық деңгейін 1 млн 145 мың адам деңгейінде бағаладық. Маусымда біршама еркіндік болып, жұмыссыздар саны шамамен 735 мың адамға дейін төмендеді. Шілдеде шектеу шаралары күшейтілді. Шамамен, 1 миллионға жуық адам жұмыссыз қалар деп ойладық. Қазір карантин жалғасуда және айдың соңында баға береміз», – деді Біржан Нұрымбетов.