Қарашығанақ жергілікті бизнеске жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ

Қарашығанақ жергілікті бизнеске жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ

ҚПО ынтымақтастықтың ар­қасында жергілікті компаниялар өндіріс көлемін көтеру, озық технологиялар трансфертін іске асыру, сондай-ақ консорциумдар мен бірлескен кәсіпорындар құруға арналған серіктестер табу сияқты шараларды жүзеге асыра алды. Индустриалды-интеллек­туалдық дамудың жаңа сатысына көтерілген жергілікті компаниялар Қазақстандағы барлық ірі мұнай-газ жобаларын іске асыратын мердігер шарты бойынша тарту үшін сұранысқа ие бола бастады және өз қызметінің аясын кеңейтуге дайын. 2019 жылы сәуірде ҚПО ком­паниясы УКПГ-2-ге газды кері айдайтын 4-ші компрессор жобасын іске асыруға «Монтажспецстрой» АҚ – Бонатти» консорциумымен келісімшарт жасасты. Газды кері айдайтын 4-ші ком­прессор жобасы жетегі арттырғыш берілісі, MS5002D газ турбинасы бар редуктор арқылы қосылатын және құрғақ күкіртті газды пайдаланатын нығыздағыш ілеспе жүйесі бар үш сатылы ортадан тепкіш компрессоры бар компрессор учаскесін қамтиды. Осы жобаның басты міндет­терінің бірі – F22 материалынан жасалған қалыңдығы арттырыл­ған қабырғаны трубамен орап дә­не­керлейтін білікті мамандарды және бір мезгілде осы күрделі процеске жергілікті дәнекерлеушілерді барынша тарту. Жобаны іске асыруды бас­тағаннан жұмысты қауіпсіз ат­қару дағдыларын дамыту, еңбек тиім­ділігі мен өнімділігін арттыру мақсатында консорциум жергілікті мамандарды оқыта бастады. Консорциум алға қойған мақ­сатқа қол жеткізу үшін 2019 жылдың желтоқсанында Тұңғыш ауылындағы (Бөрлі ауданы) өндірістік базасының аумағындағы F22 материалынан жасалған, қалыңдығы арттырылған қабырғаны трубамен орап дәне­керлеуге арналған имектеп дәне­кер­леудің жартылай автоматты дәнекерлеу аппаратын қоса алғанда, барлық қажетті құрал-жабдықты жұмылдырды, ал 2020 жылы ақпанда жергілікті дәнекерлеушілерді, соның ішінде имектеп дәнекерлеу аппаратының операторларын қар­қынды кәсіби оқытуды іске қосты. Қазіргі кезде консорциум оқыту қорытындысы, біліктілік бағасы және жүргізілген механикалық сынақтар бойынша қолмен дә­не­керлейтін 35 жергілікті дәнекерлеуші және 4 жергілікті операторды, осы кезде имектеп дәнекерлеу әдісімен F22 материалынан жасалған қа­лыңдығы арттырылған қабырғаны трубамен орап дәнекерлеу үшін жобаға қосылғандарды (олардың көпшілігі Батыс Қазақстан облы­сында тұрады) даярлады. Осы консорциумды құру бас­тамасы Қарашығанақ жобасына жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі іс-шара аясында ҚПО мен қазақстандық өндірушілердің жемісті ынтымақтастығының тағы бір мысалы. Қазіргі кезде ҚПО бірлескен кәсіпорындар мен консорциумдар құру үшін шетелдік кәсіпорындар арасынан серіктестер іздеуде жер­гілікті өндіруші компанияларға көмек көрсетуде. Осындай серік­тестер мен консорциумдардың құ­рылуы жұмыс орындарын ашып қоймай, Қазақстанда жаңа тех­но­логиялармен алмасу және жаңа өндірістерді дамытуға сеп­ті­гін ти­гізеді, сондай-ақ жергілікті компанияларға сапаның халық­аралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сапаны қамтамасыз ету жер­гілікті компаниялардың бола­шақ­та халықаралық нарыққа шы­ғуы есебінен өнімді сату нары­ғын кеңейтуге мүмкіндік бере­тін өлшемшарт. 2020 жыл­ғы бірін­ші тоқсанда ҚПО келісім­шарт­тарындағы тауарлар жеткізу және қызмет көрсетудегі жергілікті қамту үлесі – 59%.  

Арман КУСАИНОВ