Ералы Тоғжанов «СҚ Фармацияның» дәрі-дәрмек қоймасын өзі аралап шықты
Ералы Тоғжанов «СҚ Фармацияның» дәрі-дәрмек қоймасын өзі аралап шықты
Фото: Интернеттен алынды
163
оқылды
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «СҚ Фармация» компаниясының дәрі-дәрмек сақталған қоймасын аралады. Тоғжанов қоймадағы дәрі-дәрмектерді шалғайдағы ауылдарға дейін шұғыл жеткізуді бұйырды. «СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевке дәрі-дәрмектің тікелей, уақытылы жеткізілуін қадағалауды тапсырды.
Үкімет басшысының орынбасары: «Қоймадағы дәрі-дәрмек әрбір ауылға жеткізілсін. «СҚ Фармация» барлық ауруханаларды тез арада науқастарды қажетті дәрімен қамтамасыз етуге міндетті. Дәріні таратуда қоғамдық бақылау болуы тиіс», – деп қатаң ескертті.
Айта кетейік, жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «СҚ Фармацияның» жұмысын сынға алған болатын. Дәрі тапшылығын туындатып, халықты әбігерге салғаны үшін «СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп қызметінен кетті. Оның орнына таяуда Ерхат Есқалиев «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.   https://youtu.be/kMu6Y6DZx88   Видео: Qazaqstan ұлттық телеарнасынан алынды