Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Бұл мәліметті басқарманың баспасөз қызметі растады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қисықова басқа қызметке ауысуына байланысты босатылған.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін орынбасары Әлия Рүстемова атқарады.