БҚО-да найзағай бүтін бір ауылды өртеп жібере жаздады
БҚО-да найзағай бүтін бір ауылды өртеп жібере жаздады
196
оқылды
Батыс Қазақстан облысында найзағай түсуінен алдымен дала өртеніп, кейін қызыл жалын Ақжайық ауданындағы Коловертное ауылын түгелдей өртеп жібере жаздады. Елдімекенде екі үй мен бірнеше қора күлге айналған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Ақжайық ауданындағы дала өрті 13 шілдеде басталған. Оны сөндіруге Атыраудан МИ-884 тікұшағы тартылды. Алайда, ыстық ауа мен жел оттың тез таралуына себеп болды.
«Шағатай мен Ақсоғым ауылдарының іргесінде құрғақ шөп өртенді. Сағат 16:00 шамасында жалын Коловертное ауылындағы Орал өзеніне жетті. Өзеннің ені 100 метр. Алдын ала болжам бойынша 5 гектар дала өртенген. Сондай-ақ екі үй мен төрт қораны да от шарпыды. 42 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар, 15 бас ірі қара, 25 ұсақ мал және 30 құс құтқарылды», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 93 адам мен 11 техника жұмылдырылды..