Қазақстанда коронавирустан 51 медицина қызметкері көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан 51 медицина қызметкері көз жұмды
© сурет интернеттен алынды
243
оқылды
Коронавирустан көз жұмған дәрігерлерге өтемақы бірнеше мемлекеттік органның келісімінен кейін беріледі. Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев хабарлады.
«Өкінішке қарай, біздің мәліметіміз бойынша 51 әріптесіміз көз жұмды. Олардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», - деді Сұлтанғазив.
Оның айтуынша, 13 шілде, яғни, ұлттық аза тұту күнінде Президент өмірден өткен дәрігерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттаған. Пандемияға байланысты Қазақстан аумағында Төтенше жағдай енгізілген кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресте өмірден озған дәрігерлердің жақындарына 10 млн теңге көлемінде өтемақы берілетінін айтқан еді. Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл өтемақы тек бірнеше мемлекеттік органның өзара келісімінен кейін беріледі.
«Өтемақы төлеу үшін әрбір жағдай жеке зерттеледі, оның тиісті тетігі бар. Зерттеуден шыққан ақпарат  Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады. Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты тексеріп, мәліметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне береді. Содан кейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем аударылады», - деді Тимур Сұлтанғазиев.