Шымкенттік дәрігерлер арнайы сайт арқылы тұрғындарға онлайн кеңес бере бастады
Шымкенттік дәрігерлер арнайы сайт арқылы тұрғындарға онлайн кеңес бере бастады
© elements.envato.com
183
оқылды
Шымкенттің білікті дәрігерлері 1430.kz сайты арқылы онлайн тегін кеңес бере бастады, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Аталмыш сайтқа жергілікті емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлері тіркеліп, қызмет көрсетуге дайын. Олар желі арқылы науқасқа кеңес беріп, алғашқы медициналық көмек көрсететін болады. Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. Яғни, қала тұрғыны сайтқа өзінің атымен, логинімен тіркеледі. Сосын тиісті дәрігерін тапқан соң, бос уақытына сай онлайн кеңеске жазылады. Онлайн кеңес уақытына 10 минут қалғанда дәрігер мен пациентке консультация күтіп тұрғандығы туралы смс хабарлама келеді. «Емханалардағы жалпы тәжірибелік және мамандандырылған дәрігерлер, оның ішінде хирург, травмотолог, уролог, гинеколог сынды жетпіске жуық маман бүгінде аталған сайтқа тіркелген. Онлайн қызмет елімізде телемедицинаны дамыту бойынша қолға алынған Start-Up жобалардың бірі. Бұл тәжірибе бұған дейін Нұрсұлтан мен Алматы қалаларында жүзеге аса бастаған», - делінген хабарламада.