Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
5,102
оқылды
Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 17 шілдеге қараған түні Атырау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, солтүстіктен күшті жел тұрады (екпіні - 15-20 м / с), түстен кейін 34-39, оңтүстікте 42 градусқа дейін қатты ыстық болып, өрт қаупі туындайды. 17 шілдеде Атырауда 40-42 градусқа дейін қатты ысиды. 17 шілдеде түстен кейін Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркіреп, оңтүстік-шығыстан жел соғып, ол солтүстік-шығысқа ойысады, күн күркірейді, желдің екпіні - 18 м /с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз бұл аймақта 38-41 градус ыстық болады. 17-18 шілдеде күндіз Түркістан облысында, көбіне, 40-43 градусқа дейін қатты ысиды деп күтілуде. 17-18 шілде күндіз Шымкентте 40 градус, Түркістанда 40-42 градус ыстық болады деп күтілуде. 17-19 шілде күндіз Қостанай облысында 35-39 градус ыстық болады деп күтіледі. 17-19 шілдеде күндіз Қостанай қаласында қатты ыстық болып, сынап бағаны 36 градусқа дейін көтеріледі. 17 шілдеде түстен кейін Ақмола облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні - 15-20 м / с құрайды. 17 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан жел соғады. Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м / с күшейеді. Күндіз 40-41 градусқа дейін қатты ыстық күтіліп, өрт қаупі сақталады. 17 шілдеде Қарағанды ​​облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні -15-20, 23 м / с. Күндіз оңтүстікте 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м / с, Жезқазған қаласында 17 шілдеде күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 17-20 шілдеде күндіз Жамбыл облысында 40 ° C дейін ыстық болады. 17-20 шілде күндіз Таразда күндіз 38 градус ыстық болады.